2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.
Литва Республикасының аумағында тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Осыған орай, Вильнюс қаласында Бирутес көшесі, 20А мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 242 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Дауыс беру 2023 жылғы 19 наурызда (жексенбі) жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау күні Сіздерде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс (жеке қорғаныс маскасын қолдану ұсынылады).
Сіздерді № 242 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қосу үшін ОНЛАЙН САУАЛНАМАНЫ толтыруға немесе өздеріңізге қатысты мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі), Литвада тұратын мекенжайы, байланыс деректері (телефон, электрондық пошта) алдын-ала consulate.vilnius@mfa.kz электрондық мекенжайына жіберуге кеңес береміз.
2023 жылдың 13 наурызынан бастап Сіз сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгеніңізді Елшілікке +370 5231 3070, +370 5212 2123, +370 6203 0911 (77) телефондары арқылы хабарласып тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз Елшілікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.
Алдағы сайлау туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан (www.election.gov.kz) табуға болады.