Каунасқа жұмыс сапары

3 қарашада Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Каунас қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар кездесулер өткізді.
Каунас қаласының мэрі Висвальдас Матижошаитиспен келіссөздер барысында Қазақстан мен Литва аймақтары арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру шаралары қарастырылды.
Литваның екінші ірі қаласының әкіміне Қазақстандағы шетелдік инвестицияларды институционалдық және қаржылық қолдау, оның ішінде инвестициялық және салықтық преференциялар туралы ақпарат берілді, сондай-ақ инвестицияның әлеуетті бағыттары анықталды.
Елші Каунаста орналасқан Литваның жетекші университеттерін аралады.
Каунас Витаутас Магнус университетінің ректоры Йозас Аугутиспен кездесу барысында екі жақ қазақстандық студенттерді оқыту, сондай-ақ білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Литва денсаулық ғылымдары университетінің ректоры Римантас Бенетиспен әңгімелесу барысында екі жақ Қазақстан мен Литва арасындағы медицина және фармацевтика саласындағы көпжылдық тығыз байланыстарды қанағаттанарлықпен атап өтті.
Елші қазақстандық дәрігерлерді даярлауға қосқан үлесі үшін Литвадағы ең ірі медициналық жоғары оқу орнының басшысына алғысын білдірді. Тараптар екі елдің азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын айқындады.
Витаутас Магнус атындағы Каунас университетінде Литвада оқитын 192 Қазақстан азаматының71-і оқиды. Сондай-ақ бұл университетте 283 қазақстандық қашықтан білім алуда.
Литва денсаулық ғылымдары университеті Литвадағы ең ірі медициналық университет болып табылады. Университетте 1,2 мың жоғары білікті дәрігерлер мен 2,4 мың медбике жұмыс істейтін Балтық елдеріндегі ең ірі аурухана бар, мұнда жылына 78 мыңнан астам науқас емделеді.