Консулдық есеп
Көру саны:47
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) ҚР азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.
Консулдық есептің түрлері
- Тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін.
- Уақытша консулдық есеп – уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу, туристік сапар және т.б.).
- Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.
Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.
Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі шешімі (салыстыру үшін);
3) толтырылған тіркеу карточкасы.
- Уақытша консулдық есепке тұру үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) толтырылған тіркеу картасы.
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).
- Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.
- Қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
- портал арқылы -1 жұмыс күні.
Қызмет тегін көрсетіледі
Понедельник, вторник, четверг, пятница: 09:30-12:30 (прием документов); 16:00-17:00 (выдача документов).
Среда: не приемный день.
Контакты: тел. +43 1 890 80 08, моб. тел. (только в экстренных случаях): +43 676 644 2635
E-mail: consul.vienna@mfa.kz
12 желтоқсан 2023
12 желтоқсан 2023