Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынас

Жалпы мәліметтер

Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 10 сәуірде орнатылды.

2008 ж. мамырдан бастап ҚР-дың Канададағы Елшілігі мен Торонтодағы Консулдығы қызмет атқаруда (1997-2008 жж. Торонтода ҚР Консулдығы жұмыс істеді).

2023 ж. шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов табылады.

1994 ж. Канаданың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы ашылып, 1995 ж. ол Елшілік мәртебесін алды.

2017 ж. қазаннан бастап Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Николя Бруссо табылады.

Саяси ынтымақтастық

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Канадаға 2003 ж. маусымда орын алған алғашқы ресми сапары Қазақстан мен Канада арасындағы қарым-қатынастар тарихындағы маңызды оқиғаға айналып, саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың берік негізін құрды.

Елбасы 2016 ж. тамызда Ханчжоуда G20 Саммиті барысында Премьер-министр Дж.Трюдомен кездесті.

2018 ж. желтоқсанда Канаданың Генерал-губернаторы Ж.Пайетт Қазақстанға сапармен келіп, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевпен, Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевпен кездесті және канадалық ғарышкер Д.Сен-Жактың Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттануына қатысты.

Халықаралық сахнадағы екіжақты диалогтың күн тәртібіне ЖЖҚ-ны таратпау, терроризм, бітімгершілік, Ауғанстан мен Орталық Азия мәселелері кіреді. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық форумдар шеңберіндегі ықпалдастық нығайып келеді.

Соңғы жылдары екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары, парламентшілері мен іскерлік топтарының өзара сапарлары белсенді өтікізілді. Канада өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Астана экономикалық форумы, Еуразия медиа форумы және ҚР-да өтетін басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуда.

Парламентаралық диалог шеңберінде екі ел 2012, 2014 және 2017 жж. жоғары деңгейдегі парламенттік делегациялармен алмасты. «Қазақстан-Канада» Парламентаралық ынтымақтастық тобын Қауымдар палатасының депутаты Р.Нолт және сенатор Дж.Дей басқаруда. ҚР Парламенті Палаталарында да Канадамен өзара ынтымақтастық жөніндегі топтар құрылды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары