Астана халықаралық форумы

Астана халықаралық форумы

Халықаралық қоғамдастық жікке бөлінушіліктің күшею және геосаяси бөліну дәуіріне қадам басқан кезеңде Қазақстан негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін күш жұмылдыру мақсатында жаңа диалог алаңы – Астана халықаралық форумын өткізуді қолға алады.

Форум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2023 жылғы 8-9 маусымда Астана қаласында өтеді. Аталған форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогына арналған алаң болмақ.

https://astanainternationalforum.org

 

Басталу уақыты

08 маусым 2023

Соңғы күні

09 маусым 2023

Өткізу орны

Астана

Оқиға түрі

Форум