Қазақстан мен Таиланд дипломаттары екі ел арасындағы екіжақты қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті

Бангкок, 2023 жылғы 22 желтоқсан – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетовтің Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры Воравут Понгпрапапантпен кездесуі өтті. Тараптар екі ел арасындағы қазіргі қатынастары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.
Тараптар екіжақты қатынастардың дамуын қанағаттанарлық деңгейде бағалады. Осылайша, 2023 жылғы10 айдың қорытындысы бойынша сауда көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55% - ға өсті. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің оң нәтижелері атап өтілді, бұл Қазақстаннан туристердің 2 есе өсуіне ықпал етті.
2024 жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларға қатысты мәселелер талқылаудың жеке блогы болды. Тараптар таяу болашақта Қазақстан мен Таиланд ресми тұлғаларының өзара сапарларын ұйымдастырудың орындылығы жөніндегі идеяны қолдады.
Елші Арман Исетов пен Бас директор Воравут Понгпрапапант халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты пікір алмасуды жалғастырудың маңыздылығымен келісті.