Бангкокта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған классикалық музыка концерті өтті
Бангкок, 2023 жылғы 19 желтоқсан – Бангкокта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған классикалық музыка концерті өтті. Ханшайым Гальяни Вадхана консерваториясының концерт залында Қазақстандық виолончелист, Азия мен Еуропаның көптеген байқауларының лауреаты Факизат Мүбәрәк өнер көрсетті.
Концерттің ашылуында Қазақстан Елшісі Арман Исетов тәуелсіздік алу халқымыздың ең үлкен жетістігі екенін, ал бүгінде Қазақстан - өз экономикасын ойдағыдай дамытып, реформалар мен қайта құрулар жолында өркендеу мен тұрақтылыққа қарай ілгерілеп келе жатқан жас, еркін және тәуелсіз мемлекет екенін атап өтті.
«Қазіргі қазақстандық жастардың жарқын өкілдерінің бірі - Факизат Мүбәрәк. Қазақстанның мақтанышы, ол қазіргі уақытта Италияда оқиды және Тайландқа тай музыканттарымен өз тәжірибесімен бөлісу үшін қуана келді. Кеше ғана оның Ханшайым Гальяни Вадханың музыкалық институтының студенттеріне арналған шеберлік сыныбы өтті», - деді Қазақстан Елшісі А. Исетов.
Қазақстандық скрипкашы А. Жұбановтың «Ариясын», Е. Брусиловскийдің «Бозайғыр» сюитасының финалын және Пабло де Сарасаттың «Кармен» тақырыбындағы қиялын орындады. Соңғы музыкалық композиция Тай музыканттары мен қазақстандық Факизат Мүбәрәктың бірлескен квартеті болды, олар үш тай шығармасын орындады: «Хамен Сайо», «Самнанлуанг», «Шипичанглонтао».
Іс-шара Тайландтық көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырды, оған 100-ден астам адам қатысты, олардың арасында Бангкок қаласының мэрі Чатчат Ситтипан, Парламент өкілдері, Таиландтың Сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық корпус, іскер топтар және журналистер бар.