Бангкоктағы БҰҰ АТМЭӘК өкілдері Қазақстан Президентінің бастамаларымен танысты

Бангкоктағы БҰҰ АТМЭӘК өкілдері Қазақстан Президентінің бастамаларымен танысты

Бангкок, 2023 жылғы 4 қыркүйек – БҰҰ Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК)  штаб-пәтерінде сараптамалық кездесу өттіп, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған материалдар ұсынылды.

БҰҰ АТМЭӘК-тың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және апаттар қаупін азайту департаментінің директоры Тициана Бонапаче Қазақстан Президентінің алдағы жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы саласында қойған міндеттерімен танысты.

Кездесуге қатысушылар жүзеге асырылып жатқан өзгерістер аясында Қазақстан мен БҰҰ АТМЭӘК арасындағы өзара іс-қимылдың кең перспективаларын ерекше атап өтті, Қазақстанның ұйым жұмысына қатысуын жоғары бағалады, сондай-ақ ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге үміт білдірді.