Таиландта Наурыз мерекесі тойлануда

2021 ж. 21 наурызда ҚР Таиландтағы Елшілігі Паттайя қаласындағы ҚР Құрметті Консулдығының қолдауымен Наурыз мерекесін ұйымдастырды.
Биыл көктемннің жаңару мерекесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар мерекеленеді.
Іс-шараға Таиландта тұратын отандастарымыз, ТМД елдерінен келген қонақтар, сондай-ақ болу елінің азаматтары қатысты.
Мәдени және тарихи мұраны жаңғырту туралы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Наурыз мерекесі туралы деректі фильм көрсетілді.
Сонымен қатар, М.Мақатаев, А.Байтұрсынов, Ж.Жабаев сынды көрнекті қазақстандық қайраткерлеріміздің мерейтойларына орай, Елшілік шығармашылық сағат ұйымдастырды, онда қатысушылар белгілі ақындардың өлеңдерін, сондай - ақ домбырада белгілі әуендерді орындады.
Өнер көрсету іс-шараларынан кейін белсенді азаматтарға ҚР Таиландтағы Елшісі Р.Есбулатованың алғыс хаттары табысталды.
Іс-шара барысында қонақтарға Қазақстан тарихы, қазақ тілі және қазақ әдебиеті кітаптары таратылды. Соңында қонақтар қазақ ұлттық тағамдардың, соның ішінде дәстүрлі Наурыз көженің дәмін татты.