«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығын құру идеясын 2018 жылғы қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезінің қатысушылары көтерген болатын.

2019 жылы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы құрылды.

Орталық қызметінің негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын халықаралық деңгейде насихаттау.

Орталықтың мақсаттары мен міндеттері

    • өзара сыйластық жағдайында барлық діндер арасында бейбітшілік пен келісім орнатуға ықпал ету;
    • отандық және шетелдік діни бірлестіктермен және олардың рухани көшбасшыларымен тұрақты негізде әрекеттестікті қамтамасыз ету;
    • халықаралық құрылымдармен (ұйымдармен, орталықтармен және т.б.) әрекеттестік, дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау;
    • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің, Съезд Хатшылығының және Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
    • дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған діни мәселелер бойынша халықаралық, республикалық және аймақтық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар мен байқаулар ұйымдастыру және қатысу;
    • әлемдегі діни ахуалдың жағдайы мен даму динамикасына талдау жүргізу;
    • шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы діни тақырыптағы материалдардың мониторингі.
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесу және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметіне қатысу, оның ішінде экстремизмнің діни және басқа көріністеріне қарсы тұру мәселелері бойынша;
    • конфессияаралық диалогтың қазақстандық тәжірибесін халықаралық деңгейде насихаттау.

    2020 жылдың 26 ​​мамырынан бастап Орталықта Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты құрылды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы Съездің жұмыс органы болып табылады (2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І Съезі барысында форумға қатысушылар Съездің жұмыс органы – Хатшылық құру туралы шешім қабылдады).

Хатшылық Съез сессиялары арасындағы қызметті қамтамасыз етеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы саналады.

Хатшылықтың мүшелері – Съезге қатысушы әлемдік діндер лидерлерінің өкілдері, олардың арасында ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизм, халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Хатшылық жыл сайын жиналады және келесі мәселелерді қарастырады:

– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі шешімдерінің жүзеге асырылуы;

– Съез мәжілістерін дайындауды қамтамасыз ету;

– негізгі тақырыптарды, ғаламдық күн тәртібін, жұмыс регламенттерін, Съездің қорытынды құжаттарының жобаларын (Декларациялар, Үндеулер) үйлестіру;

– конфессияаралық және өркениетаралық диалог мәселелері бойынша халықаралық құрылымдармен өзара әрекеттестікті үйлестіру.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі - Съездің шығу тарихы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілді.

2003 жылдың 13 ақпанында христиан, мұсылман, еврей ұйымдарының өкілдері қатысқан Халықаралық бейбітшілік пен келісім конференциясында сөйлеген сөзінде Елбасы барлық конфессиялардың өкілдеріне халықаралық көшбасшылардың және дәстүрлі діндер Съезін Қазақстанда өткізу туралы үндеу тастады.

Католик шіркеуінің өкілдері Қазақстан Президентінің Ватиканға сапары кезінде алғашқылардың бірі болып Съезд идеясын қолдады.

Съездің мақсаты

  • Әлемдік және дәстүрлі дін түрлерінен жалпы адамзатқа ортақ бағдарларды іздеу;
  • Келісілген шешімдерді қабылдау және дін диалогы үшін, тұрақты халықаралық дінаралық институттардың құрылуы мен жұмысы;

Съездің негізгі бағыты

  • бейбітшілік, келісім мен төзімділікті адам өмірінің мызғымас принциптері ретінде бекіту;
  • діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасындағы өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу;
  • Адамдардың діни сенімдерін жанжалдар мен ұрыс қимылдарын өршіту үшін пайдаланудың алдын алу.