Қазақстан Елшісі Тель-Авив мэрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Тель-Авив мэрімен кездесті

Тель-Авив, 2024 жылғы 10 маусым – Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиев Тель-Авив мэрі Рон Хульдаимен кездесу өткізді.

Елші Тель-Авив мэріне осы жылы ақпанда өткен муниципалдық сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған қала тұрғындарының игілігі мен гүлденуі үшін жемісті қызмет тіледі.

Кездесу барысында тараптар аймақаралық ынтымақтастықты жандандыру, оның ішінде Тель-Авивтің Қазақстан қалаларымен тікелей байланысын орнату, тұрақты негізде бизнес делегациялармен алмасу, сондай-ақ «Smart City», экология, көлік және т. б. салаларда бірлескен жобаларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Елші Израиль тарапын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға тоқталып, Қазақстанның заманауи даму үрдісі жайлы хабардар етті. Сондай-ақ, дипломат Қазақстанның инвестициялық ахуалы және екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін ең тартымды тауашалар туралы айтып берді.

Кездесу нәтижесінде одан әрі ынтымақтастықты кеңейту үшін келіссөздерді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.