Израильде Наурыз мейрамы атап өтілді

20 наурызда Израильде тұратын қазақстандықтар, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің достары Наурыз мейрамын тойлауға қатысты.
Қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, Қазақстан Елшісі Резиденциясының алдындағы саябақта тігілген Киіз үйді тамашалады. Іс-шараға Кнессеттегі "Израиль-Қазақстан" парламенттік достық тобының төрайымы, депутат Элина Бардач-Ялова, бірқатар мемлекеттердің елшілері, сарапшылар, журналистер қатысты.
Шағын концерттік бағдарлама ұйымластырылып, Бар-Илан атындағы университет студенті Әмірлан Нәжмединов және Шығыс Жерорта теңізі халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы Аяла Батанова домбырада танымал қазақ композиторларының шығармаларын орындады. “Тоқым қағар” ұлттық биін тарту еткен Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Диана Мелисова мен Нұрсәулет Әміре ерекше құрметке бөленді.