Қазақстан делегациясы CYBERTECH 2022 конференциясына қатысты

Қазақстан делегациясы ү.ж. 1-3 наурызда Тель-Авивте өткен киберқауіпсіздік саласындағы технологияларды дамытудың өзекті мәселелеріне арналған «CYBERTECH 2022» халықаралық конференциясына қатысты.
Пандемия бастағалы ең жоғары деңгейдегі жиынға қатысушылардың алдында Израиль Президенті Ицхак Герцог, Премьер-министр Нафтали Беннет, бұрыңғы үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху сөз сөйледі.
Қазақстандық сарапшылар елдеріміз арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру тұрғысынан израильдік әріптестермен келіссөздер жүргізді.
Кездесулердің қорытындысы бойынша Израиль Премьер-министрі кеңсесінің жанындағы Киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық директоратпен және жеке компаниялардың өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.