Елші Қазақстанның Құрметті консулына мерейтойлық медальді табыс етті

Елші Қазақстанның Құрметті консулына мерейтойлық медальді табыс етті

Тель-Авив, 2022 жылдың 24 ақпаны – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Құрметті консулы Давид Люксембургке «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

Награданы табыстай отырып, Қазақстан Елшісі Д.Люксембургтің Құрметті консул лауазымына тағайындалғанынан бастап 20 жыл бойы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қосып келе жатқан ерекше үлесін атап өтті. С.Бұршақов Қазақстанның Құрметті консулы Елшіліктің жұмысына белсенді атсалысатынын және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты мәселелерді шешудің бірінші кезектегі міндетін алға қоятынын, сондай-ақ израильдік және қазақстандық бизнес өкілдері арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және іскерлік байланыстар орнату бойынша тұрақты жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Өз кезегінде, Д.Люксембург Қазақстан Республикасының Президентіне награда үшін алғыс айтып, өзі басқаратын кеңсе Қазақстан мен Израиль арасындағы экономикалық, мәдени, спорттық, білім беру байланыстарын дамытуға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыратынына сендірді.