Елшінің Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесуі туралы

Тбилиси, 2024 жылғы 31 қаңтар – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвилимен кездесті.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды.
Елші мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан азаматтарына Грузияға кіруден бас тартудың кейбір жағдайларына қатысты мәселелерге ерекше назар аударды. Өз кезегінде Министрдің орынбасары Грузияның тиісті ведомстволарымен бірлесіп, осы мәселені шешу үшін жан-жақты қарайтынына және барынша күш салатынына сендірді.
Сонымен қатар, тараптар жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыруды, бірқатар іс-шараларды, оның ішінде үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын, сондай-ақ саяси консультацияларды өткізуді қамтитын 2024 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады.
Елші М. Мырзалин биыл Қазақстанда жоспарланып отырған халықаралық іс-шаралар туралы: Астана Халықаралық форумы, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, туристік және транзиттік-көліктік көрмелер туралы айтып, грузин тарапын оларға қатысуға шақырды.
Қазақстандық дипломат Грузия тарапын Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен, еліміздің сыртқы саяси белсенділігімен, сондай-ақ инвестициялық саясатпен таныстырды.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, құқықтық салаларда, сондай-ақ білім және ғылым саласында бірқатар келісімдерге қол қоюды қамтитын екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту жөніндегі жұмысты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша дипломаттар өз елдерінің барлық өзара тиімді салалардағы қазақстан-грузин ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.