Тбилисиде Абай Құнанбаевтың ескерткіші орналасқан скверді абаттандыру жоспарлануда

Тбилисиде Абай Құнанбаевтың ескерткіші орналасқан скверді абаттандыру жоспарлануда

Тбилиси, 2023 жылғы 10 қараша – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин қазақтың ұлы ақыны Абайға арналған ескерткіш орнатылған алаңды абаттандыру мәселесі бойынша Тбилиси қаласының Надзаладев ауданы әкімшілігінің басшысы Ираклий Андгуладземен кездесу өткізді.

Жоба аясында инфрақұрылымдық және дендрологиялық жұмыстар 3600 шаршы метр аумақта жүргізіледі. Балалардың ойын-сауық аттракциондары мен суару жүйесін орнату жоспарлануда, ағаштар мен өсімдіктердің әртүрлі түрлері отырғызылады, бақылау камералары орнатылады.