Қазақстан Грузияға гуманитарлық көмек жолдады
2020 жылғы 2 шілдеде Тбилиси қаласынан Алматыға «Грузияның индустриялық тобы» Директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің өкпені жасанды желдету аппаратының (Ventilator Shangrila 510S) 10 жиынтығы көлеміндегі гуманитарлық көмегі жолданды. Гуманитарлық көмек Қазақстанға ү.ж. 5 шілдеде жеткізіледі деп күтілуде.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан «Грузияның индустриялық тобы» Директорлар кеңесінің төрағасы Д.Бежуашвилиге COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді.