Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Махкамовпен жұмыс кездесуі өтті

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Махкамовпен жұмыс кездесуі өтті

2024 жылғы 8 наурызда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамовпен жұмыс кездесуі өтті.

Тараптар 2023 жылдың жұмыс қорытындыларын және транзиттік, көлік-логистикалық салалардағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсандағы Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған жол картасын іске асыруын талқылады.

Теміржол және автомобиль көлігімен жүк тасымалы көлемінің өсу динамикасы атап өтілді.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы теміржол жүк тасымалының жалпы көлемі 31,4 млн тоннаны құрады (2022 жылға қарай +17,2% немесе 26,8 млн тонна).

- Қазақстаннан экспорт – 13,7 млн тонна (2022 жылға қарай +17,7% немесе 11,6 млн тонна): астық, көмір, қара металдар, мұнай өнімдері, ұн, цемент;

- Қазақстанға импорт -1,3 млн тонна (2022 жылға қарай -33,1% немесе 2 млн тонна): құрылыс материалдары, түсті рудалар, химиялық заттар;

- Қазақстан арқылы транзит – 16,3 млн. тонна (2022 жылға қарай +24,8% немесе 13 млн. тонна).

2023 жылы автомобиль тасымалдарының жалпы көлемі 3,8 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (0,2 млн тонна) 6%-ға өсті.

- Қазақстаннан экспорт – 890 мың тонна (2022 жылға қарай +85,2% немесе 480 мың тонна);

- Қазақстанға импорт – 912,7 мың тонна (2022 жылға қарай -25,3% немесе 1,2 млн. тонна);

- Қазақстан арқылы транзит – 2 млн тонна (2022 жылға қарай +5% немесе 1,9 млн тонна).

Жүк темір жол және автомобиль көлігінің өзекті мәселелері, Қазақстан мен Өзбекстан қалалары арасындағы халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар автомобильді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының бірыңғай стандарттарын әзірлеу қажеттілігі, Алматы-Нукус, Ақтөбе-Нукус бағытында әуе қатынасын қалпына келтіру, сондай-ақ ҚР мен ӨР туристік орталықтары арасында Түркістан-Самарқанд, Түркістан-Бұхара және Түркістан-Үргенш арасында жаңа әуебайланыстарды ашу мәселелері талқыланды.

Анықтама: қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан қалалары арасында аптасына 25 рейс бар.

- Астана – Ташкент, 8 рейс (Fly Arystan – 3, Uzbekistan Airways – 5);

- Алматы – Ташкент, 17 рейс (Эйр Астана – 7, Өзбекстан әуе жолдары – 10).

Шекара бекеттеріне кірме жолдардың сапалы болуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қорытындылай келе, сауда және тауар айналымының және транзиттік жүк тасымалының жыл сайынғы өсуін, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының 10 миллиард АҚШ долларына дейін күтілетін өсуін ескере отырып, тараптар мемлекеттер арасындағы көліктік инфрақұрылымын кеңейту және жетілдіру қажеттігін атап өтті.