Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Сырдария облысына жұмыс сапары өтті

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Сырдария облысына жұмыс сапары өтті

2023 жылғы 12 қазанда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Сырдария облысына жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында Елші облыс хокимы Ақмалжон Махмұдалиевпен бірге Сырдария қаласындағы бірқатар кәсіпорындарға барды.

Бірінші баратын орын «PENG SHENG» индустриялық кешені болды. Онда құрылыс материалдарын (керамикалық плиткалар, табиғи гранит және мәрмәр, сантехника, еден жабындары), аяқ киім, мал азығы, ауылшаруашылық тауарлары мен былғары бұйымдарын өндіру жөніндегі кәсіпорындардың қызметімен таныстыру өтті. Ауданы 70 га болатын мақта алқаптары қаралды.

Анықтама: қазіргі уақытта «PENG SHENG» Өзбекстан-Қытай бірлескен кәсіпорны Қазақстанда мақта өсіру, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және Түркістан облысының Келес ауданында дайын табиғи былғары дайындау жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Инвестициялық жобаның құны шамамен 30 млн. АҚШ. долл.

Келесі нысан қытайлық «Exeed» маркалы автомобильдерді ірі тораптық құрастыру бойынша «Asaka Motors» компаниясының зауыты болды. Жоба жиынтық құрастыру кезеңінде (SKD) жылына 20 000-ға дейін, ал толық өндіріс кезеңінде (CKD) жылына 150 000-ға дейін автомобиль шығаруды көздейді.

Аталған кәсіпорындарды аралау Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік даму және инновациялық ынтымақтастық саласындағы экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету үшін әлеует пен перспективаларды егжей-тегжейлі зерделеуге бағытталған.