2023 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Б.Атамқұлов Ташкент облысының Алмалық және Ангрен қалаларындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Арнайы жасаған сапары аясында, Елші алдымен Өзбекстан түсті металлургиясының флагманы «Алмалық КМК» АҚ-да болып, онда зауыт қызметімен, өндірістік процестермен, сондай-ақ оның экспорттық әлеуетімен танысты. Бұл кәсіпорынға деген ерекше қызығушылық қазақстандық дипломаттың алғашқы мамандығы – металлург болғандығымен байланысты.

AКМК Басқарма төрағасы Абдулла Хурсановпен жылы шырай әрі нәтижелі кездесу барысында тау-кен металлургия секторындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, өндірістік цикл, қазақстандық компаниялармен өзара әрекеттесу мүмкіндіктері талқыланды.

Сапар аясында Елші табан тіреген келесі нысан - Өзбекстандағы ең ірі «Ангрен» көмір кеніші болды. Бұл кен орнында жылына 5 млн тоннадан астам көмір және 450 мың тонна каолин өндіріледі.

Бұдан бөлек, Б.Атамқұлов ECOTON-SHARQ зауытына барды. Мұндағы Бас директор Асхат Бекетаевтың айтуынша, кәсіпорын жылына 300 мың м3 өнім шығаратын автоклавты ұялы бетон (газблок) шығарумен айналысады. Осы ретте айта кететін жәйт, аталмыш ұйымның негізгі инвесторлары - қазақстандық кәсіпкерлер.