Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстанның жаңартылған Конституциясы бойынша референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады.

Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстанның жаңартылған Конституциясы бойынша референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады.
Референдум өтті деп танылды: Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, оған 16 миллион 673 мың 189 азамат қатысты, бұл сайлаушылардың 84,54 пайызын құрайды.
Бұл ретте дауыс бергендердің 90,21 пайызы жаңа Конституция жобасын қолдаса, 9,35 пайызы қарсы болды.