🔹 Төтенше және Өкілетті Елші Б.Б.Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Л.Ш.Кудратовпен кездесті.

🔹 Төтенше және Өкілетті Елші Б.Б.Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Л.Ш.Кудратовпен кездесті.
Тараптар ағымдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен болашақтары талқылады. Екі ел арасындағы өзара тауар айналымының оң өсімі атап өтілді, осылайша 2023 жылғы қаңтар-наурыз кезеңі аралығында тауар айналымы 1,09 млрд долларды құрады, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 11%-ға өсті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсанның соңындағы Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша тапсырмаларды орындауға және екі елдің үкіметтері қабылдаған Жол картасын іске асыруға назар аударылды.Мемлекет басшыларының 3 елден әкелінетін тауарларды Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпорындарында өндірілетін өнімдерге өзара алмастыру туралы өзара ықпалдастығын жүзеге асыру барысы талқыланды.Халықаралық шекаралық сауда орталығының (ХШСО) жобасын іске асыру барысы қаралып, 2023 жылдың шілде айының соңына дейін заңды рәсімдерді аяқтау қажеттігі айтылды.Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысына және алдағы өңірлік форумға дайындық мәселелері талқыланды.Сауда-экономикалық әлеует элементтерінің бірі ретінде өңірлік ынтымақтастықты құрудың және тауар айналымын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.Осыған байланысты Қазақстан Елшілігі мен Өзбекстан Республикасы Инвестиялық, сауда және өндіру жөніндегі министрлігі арасындағы ынтымақтастық арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылдады.