Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың «Ozbekiston24» телеарнасына берген сұхбаты
«Oʻzbekiston 24» телеарнасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Нью-Йоркке сапарына және БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысуына арналған деректі фильмді ұсынды.
Фильмде Өзбекстан Президентінің БҰҰ мінберінен жария еткен негізгі бастамалары, сондай-ақ Орталық Азиядағы қазіргі даму үрдістері мен ынтымақтастығы көрсетілген.
Картинада белгілі өзбек саяси қайраткерлерінің, беделді ғалымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың сұхбаттары берілген.
Сонымен қатар, фильмде БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Каха Имнадзе, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуард Стипрайс және басқа да халықаралық ұйымдардың жоғары өкілдері өз пікірлерімен бөлісті.
Елші Б.Атамқұлов соңғы жылдары Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың айтарлықтай нығайғанын және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барлық бағыттағы, соның ішінде саяси байланыстар мен сауда-экономикалық қатынастардағы ерекше серпінді атап өтті.
Фильм 1 қазанда ұлттық «Oʻzbekiston 24» телеарнасында көрсетілді.