Камбарата ГЭС-1 құрылысы бойынша Министрлік дөңгелек үстелі өтті


2025 жылғы 27 қаңтар – Қырғыз Республикасындағы Камбарата ГЭС-1 құрылысы жобасын одан әрі дамыту бойынша Министрлік дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараға Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Жұрабек Мирзамахмудов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және қазақстандық делегацияны басқарған Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов қатысты. Қазақстандық делегация құрамына «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «ЖЭК қолдау бойынша есеп-қисап қаржы орталығы» өкілдері кірді.
Дөңгелек үстел жұмысына сондай-ақ Дүниежүзілік банктің өкілдері қатысты: Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша стратегия және операциялар директоры Каролин Санчес-Парамо және Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша инфрақұрылым жөніндегі аймақтық директор Чарльз Кормье.
Кездесу барысында үш елдің энергетика министрліктерінің өкілдері жобаны бірлесіп әзірлеу және іске асырудың негізгі қағидаттары бойынша келісімге келді. Қатысушылар гидроэлектростанцияны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері мен құрылымын бекітті.
Тараптар жобаны жүзеге асырудағы үйлестіруді, тиімді өзара іс-қимылды және тұрақты ілгерілеуді қамтамасыз ету үшін министрлер деңгейіндегі және халықаралық донорлардың қатысуымен тұрақты кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.
27 қаңтар 2025
Ташкент
Дөңгелек үстел