«Орталық Азия – Еуропалық Одақ: қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібі» тақырыбында сараптамалық конференция

24 мамырда Орталық Азия халықаралық институтында «Орталық Азия – Еуропалық Одақ: қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібі» тақырыбында сараптамалық конференция өтті. Іс-шараны Институт пен Еуропалық Одақ (ЕО) бірлесіп ұйымдастырды. Форумға министрліктер мен ведомстволардың, дипломатиялық миссиялардың, Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақтың жетекші талдау және ғылыми-зерттеу орталықтарының 100-ден астам өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасынан Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері Нұрлан Сақуов, Мұхит Асанбаев және Дидар Батырханов қатысты.

Конференция барысында сарапшылар қауіпсіздік Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын, оның шеңберінде ЕО қаржыландыратын қауіпсіздікке байланысты жобалар шеңберінде екі жүзден астам өңірлік іс-шаралар өткізілгенін, мыңдаған жоғары білікті мамандар даярланғанын, шекара қызметтері мен кедендік өткізу пункттері жаңғыртылғанын атап өтті.

Сондай-ақ BOMCA, CADAP, LEICA және басқалары сияқты қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде ЕО мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Форумға қатысушылар осы жобалардың практикалық тиімділігін арттыру шаралары туралы ұсыныстарымен бөлісті.

мырда Орталық Азия халықаралық институтында «Орталық Азия – Еуропалық Одақ: қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібі» тақырыбында сараптамалық конференция өтті. Іс-шараны Институт пен Еуропалық Одақ (ЕО) бірлесіп ұйымдастырды. Форумға министрліктер мен ведомстволардың, дипломатиялық миссиялардың, Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақтың жетекші талдау және ғылыми-зерттеу орталықтарының 100-ден астам өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасынан Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері Нұрлан Сақуов, Мұхит Асанбаев және Дидар Батырханов қатысты.

Конференция барысында сарапшылар қауіпсіздік Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын, оның шеңберінде ЕО қаржыландыратын қауіпсіздікке байланысты жобалар шеңберінде екі жүзден астам өңірлік іс-шаралар өткізілгенін, мыңдаған жоғары білікті мамандар даярланғанын, шекара қызметтері мен кедендік өткізу пункттері жаңғыртылғанын атап өтті.

Сондай-ақ BOMCA, CADAP, LEICA және басқалары сияқты қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде ЕО мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Форумға қатысушылар осы жобалардың практикалық тиімділігін арттыру шаралары туралы ұсыныстарымен бөлісті.

Оқиға күні

24 мамыр 2024

Өткізу орны

Ташкент

Оқиға түрі

Конференция