«ИННОПРОМ. Ортылық Азия» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі

«ИННОПРОМ. Ортылық Азия» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі
 

 

2024 жылғы 22-24 сәуір аралығында Ташкентте 10 мыңнан астам адам шақырылған, 300-ге жуық шетелдік компаниялар мен 27 елден келген бизнес-делегациялардың қатысуымен «ИННОПРОМ. Ортылық Азия» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтуде. Қазақстандық делегацияны ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бастап келді.
Іс-шара Орталық Азия, ЕАЭО, Түркия, Қытай және т.б. елдерінің мемлекеттік органдары, қауымдастық басшылары мен іскер топтарының қатысуымен «Орталық Азиядағы халықаралық өнеркәсіптік кооперация: өнеркәсіптік және технологиялық көшбасшылармен серіктестік» негізгі пленарлық отырысымен ашылды.
Көрме аясында қазақстандық делегация басшысы «ЕАЭО: өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың жаңа құралдары» панельдік сессиясында баяндамашы ретінде сөз сөйлеп, Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрінің орынбасары Х.Тешабаевпен және Ресей индустрия және сауда министрінің орынбасары А.Груздевпен екіжақты кездесулер өткізді. Бұдан бөлек, Беларусь өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары А.Огородниковпен келіссөздер жүргізу жоспарлануда.

Басталу уақыты

22 сәуір 2024

Соңғы күні

24 сәуір 2024

Өткізу орны

Ташкент

Оқиға түрі

Көрме