Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі II Жаһандық форум Ташкентте өтті
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Ташкентте тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі II Жаһандық форум өтті.
Форум әртүрлі елдердің парламентшілерін, соның ішінде Парламентаралық Одақтың Бас хатшысы Мартин Чунгонгты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Пиа Кауманы, шет елдер парламенттерінің басшыларын, парламентаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Қазақстан Республикасынан Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина және Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек қатысты.
Форумда Парламент пен парламентаралық ынтымақтастықтың 2030 жылға арналған жаһандық күн тәртібін тиімді іске асыруға жәрдемдесудегі рөлі, ТДМ-ға қол жеткізу процесін жеделдетудегі гендерлік және жастар саясаты мәселелері талқыланды. Өзбекстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2022 жылғы 14 желтоқсанда қабылданған «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетудегі парламенттердің рөлін күшейту туралы» БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына, сондай-ақ ұлттық мақсаттар шеңберінде жүргізілетін реформаларға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша парламентаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектілерін қамтитын Ташкент коммюникесі қабылданды.
30 қараша 2023
Ташкент
Форум