Қазақстан мен Эстония өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамытуда

Таллинн. 13.01.2025 – 17.01.2025. Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы әкімдігі өкілдерінің делегациясы тәжірибе алмасу сапары аясында Эстонияға келді. Таллиннге сапары барысында Эстония астанасының вице-мэрі Вильяр Яаамумен кездесу, сондай-ақ коммуналдық шаруашылық, цифрландыру, қоршаған орта және білім департаменттерінде бірқатар жұмыс кездесулері өтті.
Қазақстандық делегация Таллиннің қалалық қызметтерінің жұмысымен танысты, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтерді цифрландыру тәжірибесін зерделеді. ҚР-дың Эстониядағы елшілігі дайындаған сапар бағдарламасы Эстонияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы тәжірибелерімен және Эстонияның бірыңғай шұғыл қызметтер орталығының жұмысымен танысуды да қамтыды.
Қоғамдық басқару мекемелерінің жұмысымен танысудан басқа, Қарағанды делегациясы Таллинн Ülemiste city инновациялық ауданына барып, Smart City шешімдерін енгізу және қала құрылысы саласындағы жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру тәжірибесін зерделеді.
Өз кезегінде, эстондық мамандар қарағандылық әріптестер ұсынған муниципалды басқару және мемлекеттік қызметтер саласындағы инновациялық даму тәжірибесіне шолуды үлкен қызығушылықпен қабылдады.
Екі ел арасындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту және тереңдету практикасы озық тәжірибе алмасуға өзара қызығушылықтың бар екендігін айғақтайды және Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін кеңейту үшін айтарлықтай база қалыптастырады.