Таллиннде Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысуда

Таллинн, 2022 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінің бастамасымен Таллинн орталық кітапханасының ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 30 жыл толуына орай қазіргі заманғы Қазақстан туралы деректі сериясы бар фотокөрме ашылды.
Көрме аясында Эстония астанасының тұрғындары мен қонақтарының назарына Қазақстанның көпқырлы табиғатының заманауи бейнесін көрсететін және тұрмыстық заттар, ұлттық костюмдер мен әшекейлер түріндегі қазақ халқының мәдени мұрасы туралы баяндайтын суреттер, сондай-ақ дәстүрлі фольклорлық мерекелік іс-шаралардың көріністері ұсынылған.
Көрме Қазақстан мәдениеті туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік алған кітапханаға келушілердің қызығушылығын тудырды. Кітапхананың мәдени әртүрлілік жөніндегі бас маманы Н.Герьяк атап өткендей, "эстондық оқырман Қазақстанмен тарихи тұрғыда таныс, сондықтан ол үшін осы елмен мәдени байланысты сақтау өте қызықты". Айта кету керек, бұған дейін Таллинн орталық кітапханасының шетелдік әдебиет бөлімі белгілі қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларымен толықтырылды.
Фотокөрме ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жалғасады және кітапханаға келушілер үшін қолжетімді болады.