Qazalem веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған азаматтарымызға жедел көмек беру үшін SOS түймесі іске қосылды

Жарияланған күні: 05 сәуір 2024

📣Құрметті отандастар!

Qazalem.kz веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру үшінSOS түймесібар екенін хабарлаймыз 🆘

Егер төтенше жағдайға тап болып, сізге шұғыл көмек қажет болса, осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Өзіңіз тұрған елдегі Қазақстан консулдығы сізбен жедел байланысқа шығады. 🇰🇿📍🫂

Қайда болсаңыз да, Qazalem сізбен бірге🙌

❗Достар, бұл видео «Qazalem.kz» порталындағы SOS батырмасының қызметін ашу үшін түсірілген. Оқыс жағдайға тап болсаңыздар, әрине, бірінші кезекте жергілікті полицияға хабарласу қажет! 🙌

https://qazalem.kz/kk/help

https://www.instagram.com/qazalem.kz/

https://www.facebook.com/qazalem.kz

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar