GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бас Консулдық туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Все материалы
22 июля 2024
Қазақстан Республикасының Сиднейдегі Бас консулдығы өз қызметін уақытша тоқтатады

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

2024 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Сиднейдегі Бас консулдығы өз қызметін уақытша тоқтататынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты барлық консулдық-құқықтық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Сиднейдегі Бас консулдығы.

06 июня 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуі

Құрметті отандастар!

Кеше елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз  дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді  азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын.

*  *  *

Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын.

Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып,  өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін.  

Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді.

Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек.

Алдымызда экономиканы шынайы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар тұр. Жоғары өнімді ауыл шаруашылығы мен қуатты көлік-логистика жүйесін дамыту, барлық салада цифрлық экожүйе қалыптастыру үшін шаралар қабылдау қажет. Еліміздің орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік болуға тиіс. Тек сонда ғана өзін-өзі қамтамасыз ететін орта тап пен тиімді экономика қалыптастыра аламыз. Бұндай экономика кірісті әділетті бөлуге, сапалы жұмыс орнын ашуға, тұрмыс сапасын тұрақты арттыруға және барлық азаматтардың толыққанды жетілуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық  мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек.

Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл –  туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз.           

Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн.

Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс.

Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет.

Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым.

Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады. Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды.

Мен елімізді дамытудың осы және басқа да мәселелері бойынша нақты шешімдерді қыркүйек айында өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтамын.

Қастерлі Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін және қоғамдық келісімді нығайту – біздің негізгі міндетіміз. Бұл реформалар құр атақ-абырой үшін қолға алынған жоқ. Мұның бәрін Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін жасап жатырмыз. Халқымызда «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген сөз бар. Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өткізіледі. Осылайша, азаматтардың мемлекет ісіне атсалысу мүмкіндігі арта түседі. Шын мәнінде, еліміздің тағдыры – әрқайсымыздың қолымызда.

Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек.    Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз. Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал, ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әрбір азаматымыз саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет. Құрғақ уәде мен бос сөз ешқайда апармайды. Мен үшін нақты іс пен шынайы өзгеріс бәрінен маңызды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерімді саламын.  

Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді.   Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты. 

Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылды. Осы жолда бірлігіміз әрдайым бекем болсын!

Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге өркендетейік, ағайын!

18 мая 2022
Сингапур, Австралия және Жаңа Зеландияның ресми тұлғаларына, сарапшылық және журналистік топтарына арналған алдағы республикалық референдум мәселелері бойынша Онлайн-брифинг

2022 жылғы 18 мамырда Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов ү.ж. 5 маусымында өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Республикалық референдумның мәселелері бойынша Сингапурдың, Австралияның және Жаңа Зеландияның ресми тұлғалары, сарапшылар және журналистер қауымы үшін онлайн-брифинг өткізді.

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жаңа саяси күн тәртібі аясында дипломатиялық миссия басшысы «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасының тармақтарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Елші Аркен Арыстанов алдағы ауқымды және маңызды өзгерістер ел болашағына елеулі ықпал етіп, Қазақстан таңдаған дамудың жаңа жолының тиімді құрылуын қамтамасыз ететінін ерекше атап өтті.

28 марта 2022
Наурызды Сиднейде атап өтті

2022 жылғы 19 наурызда көктемгі Наурыз мерекесін мерекелеу аясында қазақ билері мен әндері, ұлттық костюмдер мен бұйымдар, Ұлы даланың фотокартиндері Аустралияның ірі музейлерінің бірі «Power House Museum» көрсетілді.

Мерекелік іс-шара аясында Бас консулдықтың өкілдері қазақтың халық билерін, сондай-ақ танымал заманауи композицияларды орындады.

Ұлттық стендте зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі заманы туралы кітаптар мен брошюралар қойылды, Қазақстандағы Наурыз мерекесі туралы бейнероликтер, сондай-ақ табиғат туралы бейнероликтер көрсетілді. Шара қонақтары ұлттық тағамдардан дәм тата алды.

Бұл көрсетілім Сидней қаласының жергілікті көрермендерінің шынайы және қызықты қызығушылығын тудырды. Көрмеге 1000-нан астам адам қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық мұражайлары мен «Power House Museum» арасындағы әріптестік туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2009 жылы #Наурыз ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілгені белгілі, ал бір жылдан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп таныды.

«Power House Museum» - Аустралияның ең көне және негізгі мұражайларының бірі. Мұражайдың бірегей коллекциясы ғылым, технология, өнер, музыка, Көлік және ғарышты игеру салаларын қамтиды. Сондай-ақ, аустралиялық мәдениетке, тарихқа және өмірге арналған көптеген материалдар бар. Мұражай коллекциясында барлығы 500.000-нан астам экспонат бар.

16 марта 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жасады.

Президент жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.

Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасына баға берді. Оның пікірінше, осы ауқымды әрі жан-жақты жоспарланған операцияның мақсаты жоғары басшылықты биліктен тайдырып, халық пен әлемдік қоғамдастық алдындағы оның беделін түсіру болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының өзара ымыраласуына қатысты іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Бұған кінәлілер лауазымдары мен қоғамдағы орындарына қарамастан, лайықты жазасын алады.

Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін  қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекіту қажеттігін айтты. Олардың мемлекеттік саяси қызметші және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарын иеленуіне заңнамалық тұрғыдан тыйым салынады.

Бұдан бөлек саяси реформаларда биліктің заң шығарушы саласына  да қатысты мәселе қамтылады. Сенатты жасақтау тәртібі мен оның бірқатар қызметі қайта қаралады. Мемлекет басшысы Парламенттің жоғарғы палатасындағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды. Сондай-ақ Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы алынып, Сенатқа беріледі. Осы ретте олардың саны 9-дан 5 депутатқа қысқарады.

Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылады. Яғни, парламентарийлердің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады. Партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Оларды тіркеу шегін төрт есе, яғни 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендету ұсынылды.

Мемлекет басшысы құқық қорғау институттарын күшейтуге, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға баса мән берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Негізгі Заңның ережелерін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз ету мақсатында Конституциялық сот құруды тапсырды. Сондай-ақ табысты қызмет атқарған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық Құрылтай құруды ұсынды.

Ауқымды саяси реформалар еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге де қатысты болмақ. Президент Абай және Ұлытау облыстарын құруды ұсынды. Бұл облыстардың орталықтары Семей және Жезқазған қалалары болады. Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөлу жөніндегі шешімін айтты. Алматы облысының орталығы Қапшағай және Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болмақ. Егер жұртшылық Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтса, Президент бұл пікірді қолдайтынын жеткізді.

Президент Жолдауда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мән бере отырып, дағдарысқа қарсы жедел жүзеге асырылатын шараларға арнайы тоқталды. Соның ішінде ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің үлесі бар компаниялардың валюталық табысының экспорттық сатылымын ұлғайтуға, мемлекеттік аппараттың қызметіндегі бюрократияны жоюға да баса мән берілді.

Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бастамалар еліміздің саяси жүйесін және әкімшілік-аумақтық құрылымын барынша өзгертуге бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған бастамаларды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгертулер енгізіледі.

– Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу – мен үшін аса маңызды міндет. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын! – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Президент Жолдауының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

14 марта 2022
В Мажилисе Парламента Казахстана обсудили ход расследования «январской трагедии»

Нур-Султан, 14 марта, Дом Мажилиса. Сегодня под председательством Ерлана Кошанова состоялось пленарное заседание Мажилиса, на котором Генеральный Прокурор и первые руководители государственных органов рассказали о ходе расследования преступлений, совершенных в январе текущего года в ряде регионов страны. Это был устный ответ на запрос депутатской группы «Жаңа Қазақстан», озвученный ранее на пленарном заседании Мажилиса депутатом Жанарбеком Ашимжановым.

Отметив важность для общества обсуждаемого вопроса, Спикер Мажилиса напомнил о соответствующем поручении Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева по своевременному и полному информированию общественности о событиях «январской трагедии». При этом Председатель Мажилиса подчеркнул, что основное расследование еще не завершено. Однако, при соблюдении всех процессуальных норм, тайны следствия и презумпции невиновности, тем не менее, у компетентных органов уже имеется общее представление о произошедших событиях, и они готовы представить его депутатам Мажилиса.

Спикер Мажилиса отметил также, что обсуждение проходит в максимально открытом формате – ведется онлайн-трансляция, а также аккредитовано более 100 журналистов для освещения мероприятия.

Предваряя свое выступление, Генеральный Прокурор Республики Казахстан Берик Асылов продемонстировал депутатам видеоролик с кадрами беспорядков и нападений на сотрудников правоохранительных органов, подчеркнув, что Казахстан впервые столкнулся с такой жестокостью за годы своей Независимости. По информации Генерального Прокурора, всего по указанным фактам возбуждено 3 тыс. 770 уголовных дел. Большая часть из них в производстве МВД по убийствам, кражам, разбоям, хулиганству, краже оружия. Антикоррупционной службой ведется 234 дела по фактам применения незаконных методов расследования. Комитет национальной безопасности расследует 15 дел по государственной измене, покушению на захват власти и получению взятки в особо крупном размере.

Что касается жертв тех событий, то всего в эти дни погибло 230 человек, среди них 19 военных и сотрудников правоохранительных органов, сообщил глава надзорного ведомства.

Выступая перед депутатами, министр внутренних дел Марат Ахметжанов сообщил, что полицией расследуется 2919 уголовных дел, связанных с январскими событиями. На сегодня к уголовной ответственности привлекаются более 1 тысячи человек. После поручения Главы государства о важности учета смягчающих обстоятельств из более 400 арестованных – 219 были освобождены. Сегодня под стражей находятся 184 подозреваемых, совершивших тяжкие и особо тяжкие преступления.

В свою очередь Председатель Агентства по противодействию коррупции Олжас Бектенов заявил, что после январских событий в правоохранительные органы стали поступать жалобы на действия сотрудников правоохранительных органов.  На сегодня Антикоррупционной службой проводится расследование по 234 уголовным делам.

О работе, проводимой Правительством по восстановлению объектов государственных органов, пострадавших в ходе беспорядков, и возмещению ущерба субъектам предпринимательства, рассказал в ходе пленарного заседания Мажилиса Первый заместитель Премьер-Министра страны Роман Скляр.

Комментируя ход январских событий, руководитель комиссии по расследованию январских беспорядков «Ақиқат», адвокат Айман Умарова подчеркнула, что только Президент своими действиями остановил хаос и сохранил государство. Она отметила, что массовым разгромом руководили профессионально подготовленные группы, среди которых не только гражданские лица, но и сотрудники специальных служб, а также криминалитет.

В развитие темы выступила Уполномоченный по правам человека Эльвира Азимова, сообщив о том, что принятый Парламентом страны в декабре 2021 года Закон «Об уполномоченном по правам человека» в условиях чрезвычайного положения оказал существенную помощь в работе Омбудсмена.

Депутаты задали ряд вопросов руководителям правоохранительных органов.

Также на пленарном заседании Мажилис поручил профильному Комитету подготовить заключение по новому законопроекту о ратификации Соглашения между правительствами Казахстана и Армении о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефтепродуктов в эту страну.

Палата в этот же день приняла постановление о досрочном прекращении полномочий депутатов Зульфии Сулейменовой и Владимира Тохтасунова, а зарегистрированные депутатами Мажилиса Гаухар Нугманова и Магеррам Магеррамов принесли присягу и были избраны в составы комитетов по социально-культурному развитию и по законодательству и судебно-правовой реформе, соответственно.  
_________________________________________________________
Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.
Источник: https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id49337/1/15
Мажилис Парламента Республики Казахстан

11 марта 2022
Санкциялық мәселелер бойынша қазақстандық-америкалық консультациялар туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 11 наурыз – Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту үшін санкциялар мәселелері бойынша қазақстандық-америкалық онлайн консультациялары өтті. Қазақстанның атынан консультацияларға сауда-экономикалық, қаржы, көлік, қорғаныс, энергетика және аэроғарыш салаларына жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдері (80-ге жуық қатысушы) қатысты.

Америкалық тарап АҚШ-тың Ресейге қарсы жақында енгізілген санкциялары туралы және сауда-экономикалық, банк-қаржы және энергетика салаларындағы жаңа санкциялар шектеулерінің ерекшеліктері туралы хабардар етті. Қазақстандық қатысушыларға санкциялар режимі жағдайында серіктестермен ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасы үшін АҚШ-тың санкциялық саясатының болжанбаған салдарларын болдырмау үшін консультацияларды жалғастыруға келісті.

03 марта 2022
СІМ жағдайды мұқият қадағалауда және қазақстандық бизнеске сыртқы нарықтарда одан әрі көмектесуге дайын

ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік көлік-логистикалық компанияларға қатысты халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпорындарға салынған санкциялардың ықтимал теріс әсеріне қатысты ахуалды мұқият қадағалауда.

Отандық кәсіпкер, "Kusto Group" компаниясының негізін қалаушы-серіктесі Қ. Көпбаевтың қазақстандық тауарларды халықаралық және еуропалық теңіз порттары арқылы тиеу мен тасымалдауда туындаған қиындықтар туралы сауалын назарға ала отырып, Қазақстанның шетелдік мекемелері қажетті байланыстар орнатып, негізгі еуропалық порттардың (Зебрюгге, Антверпен, Мууга, Рига, Вентспилс, Лиепая және т. б.) әкімшіліктерімен консультациялар өткізді. Алынған ақпарат бойынша, қазіргі уақытта қазақстандық жүк тасымалдаушылармен жұмыс істеуге қандай да бір шектеулер жоқ.

Сонымен қатар, қазақстандық тауарларды тасымалдауда кідірістердің пайда болу жағдайлары қолданыстағы логистикалық тізбектердің тығыз өзара байланысын ескере отырып, ресейлік компанияларға қойылған шектеулермен байланысты болуы мүмкін. Отандық компанияларда халықаралық сақтандырудан бас тартылған ресейлік кемелерде жүктерді тасымалдау кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Қазақстандық жүктер мен тауарларды тасымалдауды кешіктірудің нақты фактілері анықталған жағдайда, Сыртқы істер министрлігі ҚР шет елдердегі мекемелерімен бірлесіп, туындаған мәселелерді жедел шешуге көмек көрсетуге дайын.

Осыған байланысты, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуды сұраймыз +7 7172 620 620.

Жалпы, алдын алу шарасы ретінде Сыртқы істер министрлігі мен шетелдік мекемелер қалыптасқан геоэкономикалық жағдайда қазақстандық бизнестің сауда-экономикалық қызметі үшін жағымсыз салдарларға жол бермеу мақсатында саяси деңгейде шетелдік серіктестермен түсініктеме жұмыстарын жүргізуде.

02 марта 2022
Әлем танымал әнші Роза Бағланованың 100 жылдығын атап өтуде

2022 жылдың 1 қаңтарында КСРО, Қазақстан және Қырғызстанның Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.

Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы  халыққа қалтқысыз қызмет етудің, сахнаға деген адалдықтың және көрерменге деген шексіз құрметтің үлгісі.

Әнші өзінің еңбек жолын Өзбек КСР Өзбек филармониясының мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде бастады, содан кейін Мәскеу консерваториясына жолдама алды. Бірақ Ұлы Отан соғысының басталуымен ансамбльмен бірге майданға аттанды. Бригада құрамында Қызыл Армия жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті: землянкаларда, вокзалдарда, танктерде және ұшақтың қанаттарында ән айтты. Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова өз шығармашылығымен сарбаздардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, жауынгерлерді ұрыс алаңынан шығаруға көмектесіп, өзін ерлік жағынан көрсетті.

1945 жылы 9 мамырда Р.Бағланова Берлин қаласында өткен Жеңіс концертіне қатысты. Солдаттық ерлігі үшін әнші көптеген жауынгерлік марапаттарға ие болды, олардың ішінде маршалдар И.Конев пен К. Рокоссовский тапсырған 2 медальді ерекше бағалады.

Роза Бағланованың халық арасына көп тараған ерекше танымал әні Лидия Русланованың репертуарындағы «Ах, Самара-қалашығы» әні еді.

Соғыстан кейін сахнаға оралған Роза Бағланова КСРО-да бүкілхалықтық танымалдылыққа ие болған алғашқы қазақ әншісі болды. Роза Бағланованың репертуарында әлемдік опера өнерінің туындылары, түрлі елдердің халық әндері мен заманауи композиторлардың әндері бар.

Роза Бағланова – сол дәуірдің ұлттық символы: ол А.Вертинский, Г.Уланова, М.Плисецкая, И.Ильинский, А.Райкин, С.Рихтер, Д.Шафранмен бір сахнада тұрып өнер көрсеткен тұлға. Әнші гастрольдік сапармен Польша, ГДР, Мажарстан, Австрия, Чехословакия, Қытай, Корея, Үндістан, Бирма, Канада, Швеция, Бельгия және т.б. елдерді аралады.

Сондай-ақ, Роза Бағланова Сталин, Ким Ир Сен, Мао Цзе Дун, Чайболсон, Неру, Индира Ганди, Хрущев, Брежнев сынды көптеген мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды адамдардың алдында өнер көрсетті. Корея Халық республикасында болған кезінде Үкімет делегациясының қатарында жүрген Роза Бағлановаға Ким Ир Сен өзінің ұшағын бергеннің арқасында ол 10 күн бойы гастрольдік сапармен ел аралады.

Үндістанда әнші Джавахарлал Нерудың қабылдауында болып, Индира мен Раджив Гандимен кездесті.

1949 жылы әнші «Әлем жастығы» кеңестік-венгерлік деректі фильмінде түсті. 2006 жылы Алматы қаласында «Ах-Самара қалашығы» деректі кинофильмінің тұсаукесері өтті.

2021 жылы «Хабар» телеарнасы әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы «Бұлбұл» биографиялық көркем телесериалын шығарды.

2007 жылы Роза Бағланованың «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты өмірбаяндық кітабы жарық көрді.

Роза Бағланова туралы көптеген кітаптар мен көркем суреттер жарық көріп, поэтикалық шығармалар жинақталды. Оның есімі Маргарет Тетчер, Элизабет Тейлор және т.б. сияқты ұлы әйелдермен бірге англо-американдық «Кімнің кім екені» энциклопедиясына енген.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Роза Бағланова туралы әншінің үлкен шығармашылық жолы туралы баяндайтын «Біздің Роза» деректі фильмін түсірді.

Қазақ өнерін дәріптегені үшін көптеген атақтар мен марапаттарға ие болды.

2021 жылғы 23 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған Атаулы күндер күнтізбесі қабылданды. Оған Қазақстанның ұсынымымен және Ресей мен Өзбекстанның қолдауымен әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы кірді.

Қазақстан Республикасында ұлы қазақ әншісі туралы естелікті сақтау мақсатында Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2022 жылы елімізде және шетелде бірқатар мерейтойлық іс-шаралардың өткізілуі жоспарланып отыр.

02 марта 2022
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігінің 30-жылдығына орай мәлімдемесі

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ Бас Ассамблеясы 46-сессиясының пленарлық отырысында Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде қабылданып, халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісіне айналды.

Халықаралық қоғамдастықтың жауапты әрі сенімді мүшесі ретінде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жыл бойы теңдестірілген, болжамды және сындарлы сыртқы саясатты жүргізіп келеді және өзекті халықаралық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның орталық рөлін толығымен қолдайды.

Әлем бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, Қазақстан бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтауға, қарусыздануға және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтуға шынайы үлес қосты. Қазақстан аумағындағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз БҰҰ Бас Ассамблеясымен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақтың тең құрылтайшысы болып табылады. Қазақстанның бастамасымен барлық мемлекеттердің ядролық қарусыз әлемге қадам басудағы жігері көрініс тапқан БҰҰ Бас Ассамблеясының «Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы жалпыға бірдей декларация» қарары тұрақты негізде қабылданады.

1992 жылы Қазақстан БҰҰ мінберінен бүгінде Азияның 27 елін біріктіретін және қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің нақты факторына айналған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) құру туралы ұсыныс жасады. Сенім шараларына сұраныстың артуын ескере отырып, Қазақстан АӨСШК-ні Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына айналдыру бойынша серіктестермен жұмыс жасауда.

Қазақстан терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық 19 әмбебап конвенциялар мен хаттамаларды ратификациялады және БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Қазақстанның бастамасымен 2018 жылы Терроризмнен азат әлем құру үшін әдеп кодексі әзірленіп, қол қоюға қолжетімді болды. Бүгінгі күні бұл құжатқа 89 мемлекет қосылды.

2017 жылдан бері Қазақстан БҰҰ-ның ұзаққа созылған қақтығысты реттеудегі күш-жігерлерін қолдауға бағытталған Сирия бойынша Астана процесінің 17 раундын қабылдады. Қазақстан, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан өз азаматтарын, ең алдымен жүздеген балалар мен әйелдерді елге қайтарған алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігеріне лайықты үлес қосуда. Ауғанстан халқына тұрақты түрде гуманитарлық көмек көрсетілуде, Қазақстанның оқу орындарында ауған жастарын, оның ішінде қыздарды оқыту бойынша ұлттық және халықаралық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының (UNAMA) уақытша қашықтықтағы кеңсесінің ашылуы Қазақстанның рөлін мойындаудың және Ұйымның елімізге деген сенімінің белгісі болып табылады.

Қазақстан төзімділік, өзара түсіністік және мәдени әртүрлілік идеологиясын ілгерілету өшпенділік пен кемсітушілікке қарсы күрестің кепілі екеніне сенімді. БҰҰ Бас хатшысы, Өркениеттер альянсы және ЮНЕСКО басшылары қатысқан 2003 жылдан бері Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі конфессияаралық диалогтың үлгісі болып табылады. VII съезд 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстанда өтеді.

Қазақстан БҰҰ миссияларына бітімгершілер мен әскери бақылаушыларды жіберу арқылы БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне белсенді қатысады және БҰҰ мақұлдаған бітімгершілік бойынша курстарды өткізеді.

Еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы Қазақстанның бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту саласындағы белсенді жұмысының нәтижесі болып табылады.

Биологиялық қауіптер саласындағы тәуекелдерді бақылау жүйесін күшейту, сондай-ақ биологиялық әзірленімдерді тек бейбіт мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге қолғабыс ету мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі бастаманы алға тартты.

Қазақстан Республикасы Орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыру бойынша халықаралық күш-жігерлерге өз үлесін қосуда. Даму саласында практикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) ұлттық архитектурасы құрылды.

Қазба отынына жоғары тәуелділікке қарамастан, Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуды және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға ОДМ ілгерілетуге қолғабыс көрсету мақсатында 2020 жылы «KazAID» Дамуға ресми көмек көрсету жөніндегі агенттігі құрылды. Орталық Азия аймағындағы даму саласындағы қызметті үйлестіру үшін Алматыда БҰҰ-ның ОДМ бойынша өңірлік орталығын институцияландыруды ұсындық.

Қазақстан адамның жалпыға бірдей құқықтары мен бостандықтарының сақталуына ерекше мән береді. Еліміз БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау саласындағы барлық іргелі құжаттары мен конвенцияларына қосылды. Тұрақты негізде адам құқықтары саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. БҰҰ-ның тиісті институттарымен тығыз ынтымақтастық біздің халықаралық міндеттемелеріміздің сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 2022-2024 жылдарға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлау мемлекетіміздің адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілетуге бейілділігін қуаттайды.

Қазіргі таңда Президент Қ.Тоқаев пен халқымыздың күш-жігері «ешкімді артта қалдырмау» қағидасына негізделген экономикасы тұрақты, әлеуметі әділетті, демократиялық дамыған мемлекет – Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігінің 30 жылдығын тойлай отырып, Қазақстан Республикасы Ұйымның Жарғысына және халықаралық құқық қағидаттарына берік ұстанымын қайта растайды. БҰҰ бүкіл адамзаттың мүдделері мен басты қажеттіліктері үшін қызмет ететін бірегей әмбебап ұйым ретінде таптырмас болып қалуда.

Қазақстан БҰҰ-ның рөлі мен беделін нығайтуға және одан да жақсы әрі бақытты болашаққа деген ұжымдық талпынысымызды жүзеге асыру үшін оның қызметінің барлық салаларына өз үлесін қосуды жалғастыратын болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары