Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 30 наурызда орнатылды. 2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, 2008 ж. 11 желтоқсанда ол ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.
2022 жылғы 21 қазанда Құттықадам Асқар Сейдахметұлы Қазақстанның Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2014 жылғы 28 мамырдан резиденциясы Сингапурда орналасқан Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудин болып табылады.
Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және ҚР Сингапурдағы мүдделеріне өкілдік етеді.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Сингапурдағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;
- Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының Сингапурдағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстанның Сингапурмен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Сингапурмен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
- Қазақстанның Сингапурмен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;
- консулдық қызмет;
- өзге де міндеттер.
ҚР Сингапурдағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Аустралия және Жаңа Зеландия өкілдігі болып табылады.
Мекенжай | 1 Kim Seng Promenade, 09-04/05 Great World City, East Office Tower, Singapore 237994 |
Телефон | (+65) 6235 1482 (Жалпы), 6536 6100 (Консулдық) |
Факс | (+65) 6438 8990 |
Консулдың ұялы телефон нөмірі | (+65) 8694 7144 (тек шұғыл жағдайлар үшін) |
Жалпы мәселелер бойынша эл.пошта | singapore@mfa.kz |
Консулдық мәселелер бойынша эл.пошта | info.singapore@mfa.kz |
Жұмыс уақыты | сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін түскі үзіліс: сағат 13: 00-ден 14: 30-ға дейін. Елшілік сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмыс істемейді |