Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық әдеби кеш

Құрметті достар!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 10 наурызында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық әдеби кештің бейнематериалдарын назарларыңызға ұсынамыз.
Іс-шараны өткізу Қазақстанның Сингапурдағы, Үндістандағы, Малайзиядағы, Оңтүстік Кореядағы, Вьетнамдағы, Таиландтағы, Индонезиядағы елшіліктерінің, сондай-ақ Қазақстанның Сиднейдегі Бас консулдығының және Қазақстанның Окленд қаласындағы Құрметті консулдығының бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.
9 елден келген шетел азаматтары қатарындағы Қазақстанның отандастары мен достары жылы және достық атмосферада көрнекті ақын мен жазушының өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
Ерекше ризашылығымызды келесі адамдарға білдіреміз:
* Ержан Мұқаш (Қазақстан)
* Анар Қабденова (Аустралия)
* Абдулла Асгари (Аустралия)
• Бенджамин Андерсон (Аустралия)
* Қарабалина Назгүл (Оңтүстік Корея)
* Азва Йонг (Малайзия)
* Исмагулова Сымбат (Үндістан)
* Загитова Алдияр (Вьетнам)
* Батырбеков Әлихан (Сингапур)
* Мусина Анар (Таиланд)
* Тхамонвану Радомпенгу (Таиланд)
* Қазбек Бөкебаевқ(Индонезия)
* Марат Қалижанов (Аустралия)