Қазақстанның Бас консулы француздық Мец қаласының әкімімен кездесті

МЕЦ, 12 қаңтар – Қазақстан Республикасының Страсбургтағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы Мец қаласына жұмыс сапары аясында қала әкімі, Мец Еурометрополисінің президенті, Үлкен Шығыс өңірінің Вице-президенті, Франция Парламентінің құрметті мүшесі Франсуа Гросдидьемен кездесті.
Келіссөздер барысында түрлі бағыттағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды. Әкімді Францияның Үлкен Шығыс өңірімен тығыз күн тәртібі туралы хабардар ете отырып, Бас консул, білім және денсаулық сақтау саласындағы мәдени алмасулар мен ынтымақтастық өте қарқынды дамып жатқанын, өзара сапарлар ұйымдастырылып, бірлескен жобалар қолға алынып жатқанын, ал тараптар көрмелер мен конференцияларға белсенді қатысатындығын, сондай-ақ жергілікті саяси және іскер топ өкілдері қатарынан «Қазақстан достарының» тобы кеңейіп келетіндігін мәлімдеді.
Бұл тұрғыда Президент Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары бүгінгі ынтымақтастықтың байланысына ие.
А.Бақытбекқызы сұхбаттасушыны Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелерімен таныстыра отырып, Үкімет алдында ауыл шаруашылығы ғылымы, IT индустрия, жасыл экономика және т.б. салаларында танымал шетелдік орталықтармен ғылыми-практикалық ынтымақтастық орнату жөнінде қойылған міндеттерді атап өтті. Астананың Орталық Азия мемлекеттері арасында Париж үшін басты серіктесі болғанындай, Франция да Қазақстан үшін стратегиялық серіктес екені баса айтылды. Мұны жоғары және жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың ұйымдастырылуы дәлелдейді.
Жалпылай, Ф.Гросдидье қазақстандық экономиканың даму перспективалары, ұлттық инновациялық әлеует, шетелдік бизнес пен инвестиция үшін Қазақстанда жасалған преференциялар, сондай-ақ елімізде өтетін маңызды іс-шаралар, соның ішінде Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдарға төрағалығы, Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында жариялаған сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ, қазақ ғалымы Қ.Сәтпаевтың 125-жылдығы сияқты бірқатар мерейтойлық даталар және т.б. туралы хабардар етті.
Достық рухта өткен кездесудің қорытындысы бойынша Ф.Гросдидье өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайындығын білдіріп, ҚР Бас консулына Страсбургтағы миссиясына сәттілік тіледі.
Мец – Францияның солтүстік-шығысындағы (Үлкен Шығыс өңірі) Мозель департаментінің әкімшілік орталығы және ірі өзен көлік торабы (Францияның №1 астық порты) болып табылады, мұнда машина жасау, темір рудасын өндіру, химия, аяқ киім, тамақ өнеркәсібі мен металлургия зауыттары орналасқан. Қаланың өңдеу өнеркәсібінің айналымы 10 млрд еуродан асады. Мец аумағының жартысына жуығын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары алып жатыр (170-тен астам бақша, гүл өсіру және шарап жасау саласы). Қаланың білім беру, инженерия және жаңартылатын энергия көздері салаларында дамыған академиялық және технологиялық негізі зор.