Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Қытай халықаралық импорттық көрме бюросына барды

Шанхай, 2025 жылғы 21 қаңтар – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қытай халықаралық импорттық көрме бюросында (ҚХИКБ) болып, ҚХИКБ Көрмелер департаменті директорының орынбасары Чжан Шэньминьмен кездесті.
Кездесу барысында Чжан Шэньминь ҚХИКБ 8-ші Қытай халықаралық импорттық көрмесіне дайындық жұмыстары туралы хабарлады (5-10 қараша 2025 ж., Шанхай қ.). Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен ҚХИКБ арасындағы жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.
ҚХИКБ ақпараты бойынша, 8-ші Қытай халықаралық импорттық көрмесі 2025 жылғы 5-10 қарашада Мемлекеттік көрме және конференция орталығында (Шанхай қ.) «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» тақырыбында өтеді.