Қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Чжэцзян провинциясына барды

Ханчжоу, 2024 жылғы 25-26 қыркүйек – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж.Мәдиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Қытайдың маңызды ғылыми-технологиялық, сауда және көлік-логистикалық орталықтарының бірі болып табылатын Чжэцзян провинциясына барды.
Осы сапар аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж.Мәдиев ҚХР Коммерция министрінің көмекшісі Тан Вэньхунмен кездесу өткізді, оның барысында тараптар Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар қазақстандық делегация Қытайдың «Zhejiang Dahua Technology Co., Ltd.», «New H3C Technologies Co., Ltd.», «Hikvision Digital Technology Co., Ltd.», «Supcon Technology Co., Ltd.» және «Unitree Robotics» сияқты жетекші жоғары технологиялық компаниялардың штаб-пәтерлеріне барды, онда олардың негізгі қызметімен танысты. Сонымен қатар, 3-ші Жаһандық цифрлық сауданың көрмесі аясында қазақстандық делегация қытайлық «ZTE» және «Iflytek Co. Ltd.» инновациялық компанияларының көрме стендтеріне барды. Онда аталған кәсіпорындардың жаңа әзірлемелері мен шешімдері ұсынылды. Сондай-ақ, Чжэцзян провинциясына сапары аясында қазақстандық делегация 3-ші Жаһандық цифрлық сауданың көрмесі нің ашылу салтанатына қатысқанын атап өткен жөн.