Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Цзясин қ. (Чжэцзян пров.) Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен кездесу өткізді.

Шанхай, 2024 жылғы 3 маусым – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Цзясин қ. (пров. Чжэцзян) Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің Басшысы Шэнь Вэньпинмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Цзясин қ. (Чжэцзян) арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен Цзясин қ. (Чжэцзян пров.). Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланысты жандандыруға уағдаласты.