Алматы облысының делегациясы жұмыс сапарымен Цзянсу провинциясында болды

Нанкин, 2023 жылғы 15 қараша – Алматы облысының Әкімі М.Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы жұмыс сапарымен Қытайдың маңызды индустриялық, көліктік-логистикалық және ғылыми-инновациялық орталықтарының бірі болып табылатын Цзянсу провинциясында болды.
Cапар барысында Алматы облысының Әкімі М.Сұлтанғазиев Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің төрағасы Сюй Куньлинмен кездесті. Осы кездесу барысында Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сапар аясында Алматы облысының Әкімі М.Сұлтанғазиев Цзянсу провинциясының ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Президенті И Чжанъимен және «Skywell New Energy Vehicle Group Co., Ltd» автомобиль жасау компаниясының Вице-президенті Чжу Пинмен кездесті. Сонымен қатар, Алматы облысының делегациясы «Қытай – Еуропа (Азия)» теміржол экспресінің бойында орналасқан достық қалалар арасындағы ынтымақтастық және алмасу жөніндегі конференциясына қатысты.