Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев Шанхайда Қытай қаржы институттары мен компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді

Шанхай, 2023 жылғы 6-7 қараша – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев 6-шы Қытай халықаралық импорттық көрмесі шеңберінде (2023 жылғы 5-10 қараша, Шанхай қ.) Далянь тауар биржасы мен Шанхай фьючерстік биржасының, сондай-ақ «Shandong Hi-Speed Group», «Shandong Energy Group», «Fujian Jinhai Grain & Oil Co., Ltd.» және «Sichuan Growin International Trading Co., Ltd.» компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді. Аталған кездесулер барысында тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Қазақстанның Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында жасалған 3 ынтымақтастық туралы меморандумға және 15 экспорттық келісімшартқа қол қою рәсіміне қатысты.