Ляньюньган қаласында (Цзянсу провинциясы) «Ляньюньган: Қазақстан мен Қытайдың достық және ынтымақтастық қақпасы» фотокөрмесі өтті

Ляньюньган қаласында (Цзянсу провинциясы) «Ляньюньган: Қазақстан мен Қытайдың достық және ынтымақтастық қақпасы» фотокөрмесі өтті

Ляньюньган, 31 тамыз – 2 қыркүйек 2023 жыл – Қазақстан-Қытай мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында, 8-ші Қытай (Ляньюньган) Жібек жолы халықаралық логистикалық көрмесі (2023 жылғы 31 тамыз – 2 қыркүйек, Цзянсу пров. Ляньюньган қ.) шеңберінде «Ляньюньган: Қазақстан мен Қытайдың достық және ынтымақтастық қақпасы» атты фотокөрме өтті.

Фотокөрмені Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы, Ляньюньган қаласы (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі және Ляньюньган қаласының Қытай әдеби және көркем өнер федерациясы ұйымдастырды.

Фотокөрмені өткізу барысында Ляньюньган тұрғындары мен қонақтары табиғи ландшафттардың байлығымен, сондай-ақ Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерімен таныса алды. Сонымен қатар, бұл фотокөрмеде Ляньюньган азаматтарының табиғи пейзаждары, сәулеті мен күнделікті өміріне арналған әйгілі қытай фотографтарының жұмыстары ұсынылды.