«XCMG Construction Machinery Group» компаниясының басшылығымен екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Шанхай, 2023 жылғы 24 ақпан – Екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Бас консулы Рахымжан Рахимов «XCMG Construction Machinery Group» компаниясының Вице-президенті Юй Хунюймен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.
«XCMG Construction Machinery Group» компаниясы құрылыс және арнайы техниканың әртүрлі түрлерін әзірлейтін және өндіретін қытайлық ірі компаниялардың бірі болып табылады.