Ханчжоуда «Alibaba Group» корпорациясының басшылығымен кездесу өтті

Ханчжоу, 14 ақпан 2023 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы «Kazakh Invest» ҰК АҚ-ның ҚХР-дағы Өкілдігімен бірлесіп, «Alibaba Group» корпорациясының Жаһандану жөніндегі офисінің директоры Цао Цзянмен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.
«Alibaba Group» көтерме және бөлшек сауда саласындағы әлемдегі ең ірі онлайн корпорациялардың бірі болып табылады, оның құрамына «TMall», «Taobao», «FreshHippo», «AliExpress», «Lazada», «Alibaba.com» және т.б. кіреді.