Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы Халықаралық қатынастар институтының директорымен екіжақты ғылыми ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Шанхай, 2022 жылғы 15 шілде – Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы Халықаралық қатынастар институтының директоры Ван Цзяньмен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ғылыми өзара іс-қимылын одан әрі дамыту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу перспективаларын талқылады.
Халықаралық қатынастар институты Қытайдың ең ірі «ақыл – ой орталықтарының» бірі – Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының құрамында, сонымен қатар өзекті сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелерді зерттеумен айналысады.