Шанхай әйелдер федерациясымен ынтымақтастық перспективалары

Шанхай әйелдер федерациясымен ынтымақтастық перспективалары

Шанхай, 2021 жылғы 6 тамыз – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мақсатында, Шанхай әйелдер федерациясының Вице-президенті Вэн Вэньлэймен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Шанхай әйелдер федерациясы 1950 жылы құрылған және Бүкілқытайлық әйелдер федерациясының құрамдас бөлігі болып табылады, оның қызметінің басты бағыты әйелдер құқығын ілгерілету, отбасы мен баланы қолдау болып табылады.