Шанхай еркін сауда пилоттық аймағымен өзара іс-қимыл перспективалары
Шанхай, 2021 жылғы 16 сәуірде – Екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қ. Пудун жаңа ауданы Халық үкіметінің Кеңсесі басшысының орынбасары және Сыртқы байланыстар Кеңсесінің басшысы, Шанхай еркін сауда пилоттық аймағының Сыртқы істер басқармасының басшысы Ван Инмен кездесті.
Кездесу барысында Шанхай пилоттық еркін сауда аймағы мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.