Қазақстан Елшісі Б.Дүйсенбаев «Seegene Medical Foundation» компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі Б.Дүйсенбаев «Seegene Medical Foundation» компаниясының басшылығымен кездесті

2023 жылы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев «Seegene Medical Foundation» қорының Аға басқарушы директоры Ким Ду Хёнмен кездесті.

Кездесу барысында ауруханалар мен зертханалар салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар одан әрі тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты.