Сеулде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған Дөңгелек үстел өтті

Сеулде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған Дөңгелек үстел өтті

2022 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінде Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға зерттеу орталықтарының басшылары, жетекші сарапшылар, академиялық топтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Елші Б.Дүйсенбаев өз сөзінде екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың 30 жылындағы негізгі жетістіктер туралы айтып берді. Сондай-ақ, екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылатын екі халық арасындағы мәдениеттердің терең тарихи байланыстары мен жақындығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Б.Дүйсенбаев 2022 жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 5,8 млрд. АҚШ долл. құрағанын айтты. Сондай-ақ, Корея Республикасының Қазақстан экономикасына инвестиция құйған мемлекеттердің тізімінде 8-ші орынға ие болғанына ерекше назар аударды. Мәселен, соңғы 17 жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 7,5 млрд. АҚШ. долл. құрады.

 Іс-шара қонақтары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің динамикасына жоғары баға берді және Қазақстан-Корей ынтымақтастығының жаңа бағыттарын ұсынды.