Ofe Сo. Ltd компаниясының басшысымен кездесуі өтті

Ofe Сo. Ltd компаниясының басшысымен кездесуі өтті

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Б. Дүйсенбаевтың жүк көтергіш жабдықтар, лифт  және ауыл шаруашылық техникаларына арналған бөлшектер мен керек-жарақтар өндірумен айналысатын Ofe Сo. Ltd компаниясының басшысымен кездесуі өтті. 

Компания Алматы облысында лифт жабдықтарын өндірумен айналысатын LGS Elevator компаниясымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Лифтердің сапасы мен сенімділігін сақтау қажеттілігі, сондай-ақ технологиялар трансфері, өндірістен кейін қызмет көрсеті, қауіпсіздік пен сапаны бақылау, кадрларды дайындау, заманауи лифтер өндірісінде ғылыми-зерттеу жүргізу және дамыту мәселелерімен айналысатын мамандандырылған Қазақстан-Оңтүстік Корея орталығын ашу мүмкінділігі талқыланды.