ҚР Елшісі Б.Дүйсенбаев пен Hyundai Motor Company атты ірі машина жасау компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Б.Дүйсенбаев пен Hyundai Motor Company атты ірі машина жасау компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті, оның барысында Қазақстанда коммерциялық жабдықты жеткізу және өндіру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Оңтүстік Корея компаниясы коммуналдық техника мен жедел жәрдем саласында өзара әрекеттесудің болашағын атап өтті. Қазақстан аймақтарының жалпы қажеттіліктерін ескере отырып, ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.