Қазақстан Елшісі KIND компаниясының кеңсесінде болды

Қазақстан Елшісі KIND компаниясының кеңсесінде болды

Елші Б. Дүйсенбаевтың Корей қалалық және инфрақұрылымдық даму агенттігінің төрағасымен (KIND) кездесуі өтті.


Кездесу барысында корей тарапының мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі жобаларына қатысу болашағы талқыланды. Корей тарапы тау-кен металлургия кешені мен медицина саласындағы бірқатар жобаларға қызығушылығы бар екенін растады.


Корпорация корей компанияларына МЖӘ жобалары саласындағы инвестициялық қызметті кеңейту және шетелде бизнесті дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетеді. KIND жобаларды іріктеуден, оларды дамытудан және қаржыландырудан бастап тікелей инвестицияларды жүзеге асыруға дейін бизнесті дамытудың барлық бағыттары бойынша қолдау көрсетеді.